"World Cleanup Day" акциясы өтті Жыл сайын бүкіл әлем бойынша "World Cleanup Day" акциясы өтеді. Бұл— қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн. Бұл маңызды оқиға қоршаған ортаны таза етуге көмектеседі және табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан осы әлемдік бастамаға белсенді қатысуда және биылғы жылы "World Cleanup Day" акциясы 19 қыркүйекте өтті. Арал ауданында да бүгін ауқымды сенбілік өткізіліп, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері іс-шараға белсенді ат салысты.