Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы - Қазақстан Республикасындағы бірегей табиғи аймақтардың бірі. Аталған қорықтың тарихы, табиғи ерекшеліктері мен экологиялық маңызы туралы оқушыларға кең көлемде мәлімет берілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында қорықтың 1939 жылы құрылғаны, оның Қызылорда облысы, Арал ауданы аумағында орналасқаны және бастапқыда Арал теңізіндегі арал болғаны туралы айтылды. Сонымен қатар, Арал теңізінің тартылуына байланысты аймақтың табиғи өзгерістерге ұшырағаны, соған қарамастан қорықтың биологиялық маңызын сақтап отырғаны түсіндірілді.
https://ipv4.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1620-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-y1.html#sigFreeId40071dab26










