Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында минералды жолақтар жаңартылды
Өрт қауіпті маусымға дайындық және табиғи аумақта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында минералды жолақтарды жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстар барысында жалпы ұзындығы 70 шақырым минералды жолақ жаңартылды. Минералды жолақтар табиғи өрттердің таралуын шектеуге және өрттің бір аумақтан екінші аумаққа өту қаупін азайтуға бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі болып табылады.
Қорық қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде табиғи аумақта өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің алдын алу және оның таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
Табиғи аумақтарды өрттен қорғау — қоршаған ортаны және оның биоалуантүрлілігін сақтаудың маңызды кепілі.