Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында табиғи кешендерді сақтау және жануарлар дүниесін қорғау бағытында биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды. Іс-шара барысында жабайы жануарлар үшін қолайлы тіршілік ортасын қалыптастыруға басымдық беріліп, қосымша қоректендіру жұмыстары ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар қорықтағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және сирек кездесетін жануарлар популяциясын тұрақтандыруға ықпал етеді.